
Нәрестелер реанимациясы бөлімшесі
Бөлімшенің негізгі қызметі — критикалық немесе тұрақсыз жағдайдағы жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Біз өмірдің алғашқы сағаттарынан бастап қарқынды терапияны, өмірлік маңызды функцияларды бақылауды, респираторлық қолдауды және нәрестелерді күтіп-баптауды қамтамасыз етеміз. Біздің басты қағидамыз — әрбір кішкентай емделушінің өмірін, денсаулығын сақтау және болашақтағы өмір сапасын қамтамасыз ету.
Көрсетілетін қызметтер:
- Қарқынды терапия: Критикалық жағдайдағы нәрестелерді тәулік бойы бақылау.
- Респираторлық қолдау: Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) және инвазивті емес әдістер.
- Төмен салмақты балаларды күту: Өте төмен және экстремальды төмен салмақпен туған нәрестелерді бағу.
- Мониторинг: Жүрек соғу жиілігін, тыныс алуды, қандағы оттегі деңгейін және артериялық қысымды тұрақты бақылау.
- Терапияның арнайы түрлері: Инфузиялық, бактерияға қарсы, метаболикалық және сурфактанттық терапия (оның ішінде аз инвазивті әдістермен).
- Емдік гипотермия: Ауыр асфиксиямен туған нәрестелерге ЭЭГ-мониторингімен жүргізіледі.
- «Кенгуру» әдісі: Ата-ана мен бала арасындағы физикалық және психологиялық байланысты нығайтуға арналған «теріге тері» жанасу әдісі.
Жабдықталуы:
Нәрестелер шудан, жарықтан және дірілден қорғайтын арнайы кювездерде күтіледі. Бұл құрылғылар ана құрсағындағы жағдайға барынша жақын орта қалыптастырады. Кювездер температура мен ылғалдылықты автоматты түрде реттеу (серво-бақылау) жүйесімен және баланы шығармай-ақ өлшеу мүмкіндігімен жабдықталған. Сондай-ақ, бөлімшеде неонаталды датчиктері бар УДЗ аппараты тұрақты қолжетімді.
![]() |
Нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісіНурашбекова Шолпан Сыдыққызы Жоғары санатты дәрігер-неонатолог, қосымша Астана медицина университетінің (АМУ) неонатология кафедрасының ассистенті. Білімі: 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының (ОҚГМА) педиатрия факультетін тәмамдаған. Мамандануы: 2007 жылы Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының базасында неонатология бойынша алғашқы мамандандырудан өткен. Біліктілігін арттыру: - 2015 жыл: «Остров сокровищ», Екатеринбург қ., Ресей. - 2019 жыл: Sheba Medical Center, Рамат-Ган қ., Израиль. - 2023 жыл: В.И. Кулаков атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Мәскеу қ., Ресей. - 2023 жыл: Medipol Mega University Hospital, Стамбул қ., Түркия. - 2025 жыл: Sahlgrenska University Hospital, Гетеборг қ., Швеция. Жалпы еңбек өтілі: 22 жыл Неонатологиядағы еңбек өтілі: 19 жыл |
Бөлімше дәрігерлері
- Қожақова Меруерт Амангелдіқызы – жоғары санатты дәрігер-неонатолог, функционалдық диагностика дәрігері
Еңбек өтілі: 16 жыл - Смадиярова Нұрзия Қаршығақызы – жоғары санатты дәрігер-неонатолог, функционалдық диагностика дәрігері
Еңбек өтілі: 17 жыл - Юлдашева Дильноза Сабырқызы – II біліктілік санатты дәрігер-неонатолог
Еңбек өтілі: 6 жыл - Әшірбекова Динура Рафитқызы – II біліктілік санатты дәрігер-неонатолог
Еңбек өтілі: 6 жыл - Қамбарқанова Гүлсая Қуатқызы – дәрігер-неонатолог
Еңбек өтілі: 2 жыл - Сейтқалиева Диана Валиасқарқызы – дәрігер-неонатолог
Еңбек өтілі: 1 жыл
Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 8-үй


