Пікірлер

Дамиля 10.07.2022 12:26
Выражаю свою огромную благодарность лечащим врачам: Гульзат Екпиновной и Рахат Торехановне!Они настоящие профессионалы своего дела,добрые отзывчивые,на отлично выполняющие свои должностные обязанности!!!А так же Зав.Отделению Талгату Кудайбергеновечу!
Акерке Сержанова 27.06.2022 01:46
Осы аурухананың урология бөліміне 2022ж. наурыздың 31не жоғары температурамен жедел түстім. Сол бүйрегім өте нашар халде болды, айта кеткенде, КТ нәтижесінде острый апостематозный пиелонефрит деген диагноз қойды. Сол түні кезекші болған дәрігерлердің шұғыл шешімімен сол жақ мочеточникке стент қойып, бүйрегімді сақтап қалды. Урология орталығының барлық қызметкерлеріне өте үлкен алғысымды білдіремін. Осы бөлімнің меңгерушісі Пак Ю.Г., және емдеуші врач Солтанбеков Асет Кенжебековичке рахмет айтқым келеді. Өте білікті, өз ісінің мамандары екен. Денсаулық пен табыс, тілеймін!
Шынар. Город Балхаш 07.04.2022 00:14
Ақ халатты абзал жандар. Сіздерге көп рахмет. Бас дәрігерге, Темірбек Бахтияровичке, емдеуші дәрігер Рахат Төрехановнаға, кардилогия, кардиохирургия бөлімшесіне. Бугін ғана жолдасым Кенжеханов Канатқа ота жасап, сәтті аяқтаған қолы алтын Ли Александр Вилорьевичке алғысым шексіз. Медбике Гулденге. Барлықтарыңызға мың алғыс, басымды ием. Қасиетті айда барлық армандарыңыз орындалсын. Кенжеханов Канаттың жолдасы Адрейсова Шынар.
Сауле 13.08.2021 18:12
2021 жылы маусым айының 6-ы күні кешке шұғыл гинекология бөліміне түскен едім. Маған пункция, одан кейін шұғыл ота жасаған, бес күн бойы бақылауда ұстаған дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Мейірбике - Шаденова Асемге адамгершілігі мен кәсіби шеберлігі үшін ерекше рақмет айтқым келеді. Мен, өкінішке орай, бірнеше рет әртүрлі ауруханаларда жаттым, бірақ дәл осындай мейірімді, әрі тиянақты медбикені алғаш көрдім. Асема, Сізге алғысым шексіз! (Айтпақшы, мен оған ешкімі емеспін, ештеңе берген жоқпын!!!). Шұғыл гинекология бөлімінің барлық қызметкерлеріне үлкен рақмет! Сіздердің арқаларыңызда қазір "шапқылап" жүрмін. Дендеріңіз сау болсын, отбасыларыңыз аман болсын, жұмыстарыңызға сәттілік, әрі табыс тілеймін.
P.S: дәл осындай алғыс хатты қағазға жазып, шығатын күні (10 маусымда) басқа медбикеге берген едім, алдыңыздар ма?))
Жақып Уәлихан 05.04.2021 02:47
Осы аурухананың кардиология бөлімінің бөлімше меңгерушісі Т. Б. Джанпаизов мырза жетекшілік ететін бөлімшенің аға ординаторы Т. Қ. Есеновке, емші дәрігері Н. Ш. Базарбаевқа, анамыз Жакупова Орынбасар Оспанқызының жүрегіне сәтті ота жасап, емдегендері үшін, сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз! Жұмыстарыңызда табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз! Алла разы болсын!!!

Сұрақ қою