Әкімшілік

Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы – Астана қаласы әкімдігінің "№2 көпбейінді қалалық аурухана" ШЖҚ МКК директоры. Жоғары санатты хирург дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты,бірінші санатты қоғамдық денсаулық сақтау менеджері. «Үздік менеджер» номинациясының жеңімпазы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен «Шапағат» мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

Еңбек өтілі: 22 жыл

Ибраева Сауле Жамантайқызы – директордың амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары. Жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер. Жоғары білікті санатты денсаулық сақтау менеджері. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталған.

Еңбек өтілі: 19 жыл

Пак Юрий Георгиевич - директордың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары. Жоғары біліктілік санатты уролог дәрігер. Новосібір Мемлекеттік медицина Академиясының түлегі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған. Ол Израильдің Тель-Авив қаласында эндоскопиялық және лапароскопиялық урология бойынша Университеттің урология клиникасында тағылымдамадан өтті. Урологиядағы бірқатар эндоскопиялық бағыттар бойынша оқудан өткен, атап айтқанда, "Лапароскопиялық және роботтық урология" Бордо қаласы, Франция, "Уролитияны емдеуде фиброуретероскоптарды қолданудың әртүрлі әдістері " Варшава қаласы, Польша, "Бүйректің лапароскопиялық резекциясы" Бунданг клиникасы, Сеул қаласы, Оңтүстік Корея, "Лапароскопиялық радикалды простатэктомия" Тбилиси қаласы, Грузия.

Жұмыс өтілі: 21 жыл

Ешмуратов Бауыржан Құралұлы - директордың медицина мәселесі жөніндегі орынбасары.

Жоғары санатты кардиолог дәрігер, денсаулық сақтау озаты. Қазақстанның ең жақсы дәрігері, 2017 ж.

Еңбек өтілі: 20 жыл

Исматов Мұхамадияр Өмірұзақұлы - директордың әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары. 

"М. С. Нарикбаев атындағы ҚАЗМЗУ университеті" АҚ бітірген заң факультеті.

Жұмыс өтілі: 15 жыл

Мусин Даурен Сергеевич – Директордың босандыру жөніндегі орынбасары қызметін атқарушы, бірінші санатты акушер-гинеколог дәрігер.  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі.

Еңбек өтілі: 10 жыл

Шахантаева Мадина Серканқызы – ПҚҚ және ішкі сараптама бөлімінің басшысы.

Семей қаласының мемлекеттік медицина университетін "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі: 4 жыл