Босанғаннан кейінгі ана мен сәбиінің бірге болуы бөлімшесі

Босанғаннан кейінгі ана мен сәбиінің бірге болуы бөлімшесі 85 төсек-орынға есептелген. Палаталар бір орынды және 2-3 орынды бөлек санитарлық тораптары бар. Ана мен баланың бірге болуы неонатальды жұқтыру қаупін төмендетеді, олардың арасында тығыз көру және тактильді байланыс орнатуға ықпал етеді, баланы қалауы бойынша тамақтандыруға мүмкіндік береді.

Бөлімшенің мақсаты: ана мен баласының өлімі қаупін төмендету үшін жүктілік кезінде босанғанға дейін жоғары қауіп тобындағы әйелдерді антенаталды бақылау.

Ана мен сәбиінің бірге болу бөлімшесінің міндеттері:

  • Жаңа перинаталдық технологиялар , ПДЛ қағидаттарын, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын сақтауды ескере отырып, босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге өңірлендірудің 3 деңгейіне стационарлық перинаталдық көмек көрсету;

  • Босанған әйелдер мен олардың туыстарына босанғаннан кейінгі кезеңде күту элементтері бойынша кеңес беру және оқыту. «Емшек емізуді насихаттау»;

  • Перинаталдық күтім және босанғаннан кейінгі кезеңде көмек көрсету сапасының индикаторларын мониторингілеу. Бөлімше жұмысының анықталған ақауларын жоюдың нақты шараларын қабылдай отырып, бөлімше қызметін бағалау.

Бөлімше қызмет:

  • Босанғаннан кейінгі кезеңде дұрыс күтімнің санитарлық-гигиеналық дағдыларына, емшекпен емізудің дағдыларына, кіндік күтімі дағдыларына кеңес беру және үйрету;

  • Ерте босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағын алу;

  • әйелдер, жаңа туған балалар мен медицина қызметкерлері арасында ауруханаішілік инфекциялармен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

  • жаңа туған нәрестелерге вакцинопрофилактиканы қамтамасыз ету және оларды тұқым қуалайтын ауруларға белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу;

  • нәрестелерге аудиометрия жүргізу;

  • медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарымен сабақтастық (стационардан босанған әйел мен нәрестенің шығуы туралы активтерді беру);

  • басқа бейінді медициналық ұйымдармен (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, онкологиялық диспансерлермен, ЖИТС-ты профилактикалау және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтармен, инфекциялық стационарлармен және басқалармен) өзара іс-қимыл жасау, босанған әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу мақсатында медициналық айғақтарды айқындау;

  • босану кезеңіндегі асқынулармен және перинаталдық жоғалтулармен босанған әйелдерге медициналық-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

 

Қызметкерлерге емшек сүтімен тамақтандыру туралы ақпарат

 

 

Бөлімше меңгерушісі

Бектұрсынова Клара Ташкенбайқызы

Жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер

Еңбек өтілі: 27 жыл

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 27 10

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

  • Каканова Гульжан Куатбековна – бірінші санатты акушер-гинеколог дәрігері
    Еңбек өтілі: 14 жыл
  • Исатаева Динара Болатовна – жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог
    Еңбек өтілі: 14 жыл

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 8-үй

Босанғаннан кейінгі ана мен сәбиінің бірге болуы бөлімшесі, Б блогы, 2-қабат

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 27 10