Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «№ 2 қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Т. Рысқұлов көшесі 6 үй, тел. 577-229 Ресми сайты - http://www.astanaclinic.kz
2015 жылдың мамыр айының басына Израиль мамандарының қатысуымен тамырлы хирургия бойынша жоспарланған шебер-классқа байланысты, № 2 Қалалық ауруханада кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі С.С. Мухаметкалиев Израиль мамандарының қатысуымен өтетін шебер-класс аясында жүрек-тамырлы жүйенің ауру-сырқауларын анықтау және жедел емдеуге науқастарды іріктеу мақсатында кеңестік қабылдау жүргізеді.
Толығырақ ақпаратты : 8 771 979 50 01, 43-26-84 телефондары арқылы алуға болады.
2015 жылғы 26 сәуірде № 2 Қалалық ауруханада Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. ҚР Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша Қазақстан Республикасының президентін кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге 9 965 (тоғыз мың тоғыз алпыс бес) сайлау комиссиялары қатыстырылған.
Қазақстанда президент сайлауы осымен бесінші мәрте өтіп отыр. Сайлауға үш үміткер қатысты, оның ішінде елді 1989 жылдан бастап Қазақстан Компартиясының ОК-нің бірінші хатшысы, кейін ел президенті лауазымында басқарып келе жатқан, қазір іс басындағы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Н.Назарбаевтан басқа президенттікке үміткер ретінде Қазақстанның Коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Тұрғын Сыздықов пен елдің кәсіподақ федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов тіркелген.
2014 жылғы 20 желтоқсанда ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК-да ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіруге арналған жиналыс өтті. Жолдау - мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарды нақтылайтын тарихи құжат.
Жолдауды түсіндіруге Мұқашев Рахмет (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты), Яковлева Татьяна (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты), Төлеғалиева Ажар (ҚР ДС және ӘД Министрлігінің Әлеуметтік даму департаментінің директоры), Жантұрғанов Мақсат(№2 қалалық аурухана бас дәрігері) қатысты.