Астана қаласы,
Тұрар Рысқұлов көшесі, 6, 8 үй

Достар, Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласындағы "№2 көпбейінді қалалық аурухана" базасындағы болашақ аналарға арналған мектеппен таныстырғымыз келеді

Медицина ғылымдарының докторы "ауырсынусыз және қорқынышсыз босанудың 6 сатылы моделі" аккредиттелген авторлық бағдарламасының арқасында босанғанға дейін және одан кейінгі әрекеттеріңізде сабырлы және сенімді болыңыз. Сіз босануға дайындық бойынша 10 әлемдік мектептің соңғы ғылыми білімі мен тәжірибесін аласыз.

Құрметті достар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл қасиетті күн Исламның жоғары адамгершілік мұраттарын, көптеген халықтардың тарихы мен мәдениетінің үздік дәстүрлерін бейнелейді. Құрбан айт-отбасының ұйытқысы және жақындығының мерекесі.

6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке - Астана күні атап өтіледі

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Аббас Қанат Сейфуллаұлы, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зарирова Раушан Қабдухамитқызы, әкім хатшылығының бас инспекторы – әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бисембаева Сауле Сериковна және "№2 көпбейінді қалалық аурухана" директоры Н.Н.Тұрсынбаев жаңа туған балалар мен олардың аналарын қала күнімен құттықтады.

Позитивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мақсатында "№ 2 көпбейінді қалалық ауруханада" медицина қызметкерлері күніне арналған спорттық іс-шара өткізілді

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау, медицина қызметкерлерінің тұрмысына дене шынықтыруды енгізу, позитивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мақсатында "№ 2 көпбейінді қалалық ауруханада" медицина қызметкерлері күніне арналған спорттық іс-шара өткізілді.

1 маусым-жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі

Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың пікір бостандығы, білім алу, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығын сақтауға назар аудару мақсатында өткізіледі.

Халықаралық мейіргерлер күніне орай аурухана директоры Н.Тұрсынбаев орта медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап

Сондай-ақ, директор Халықаралық мейіргерлер күніне арналған конкурстың қорытындысын жариялап, "Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ филиалының сыйлықтарын салтанатты түрде табыс етті.

Медициналық зерттеп-тексеруді мүмкіндігінше тез қайда өтуге болады?

Астана қаласының емдеу-диагностикалық орталығында Сіз кезекте тұрмай зерттеп-тексеруден өтіп, медициналық анықтаманы жедел, арзан және еш қиындықсыз ала  аласыз. Астана қаласында ең төмен бағамен!

Тұрғындарға нұсқама «КВИ-ға қарсы екпені қалай алуға болады?»

Сәуірдің екінші жартысынан елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталмақ. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымда вакцинация алу бойынша нұсқаулық ұсынып отыр.

2021 жылы №2 КҚА медицина қызметкерлерінің еңбекақысы біршама өсті

Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 КҚА дәрігерлік персоналы мен орта медициналық персоналының жалақысы тиісінше орта есеппен 30%-ға және 20%-ға өсті.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласының емдеу-диагностикалық орталығында ақылы негізде психолог дәрігер - Повзнер Елена Федоровна қабылдайтынын хабарлаймыз.

© 2023

Маңызды сілтемелер

Байланыс

Астана қ-сы,
Тұрар Рысқұлов көшесі, 6, 8 үй

8 (7172) 57-72-45

8 (7172) 57-34-25

gmb2_office@astanaclinic.kz

Біз әлеуметтік желілердеміз: