Бүгін №2 Қалалық көпбейінді ауруханасына ҚР Мәжіліс депутаты



Бүгін №2 Қалалық көпбейінді ауруханасына ҚР Мәжіліс депутаты, “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Казанцев Павел Олегович, ҚР Мәжіліс депутаты, “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Нуртаза Самат Русланұлы, ҚР Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі Сұңқар Ислам Еркінұлы, сондай-ақ “AMANAT” партиясы Астана қаласының Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жусупова Санира Орынтайқызы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Төлеуова Айнұр Сакенқызы келді.
 
№2 ҚКА директоры Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы ауруханамыздың жоспарлы госпитализация, қабылдау бөлімшесінің тіркелу аймағы мен заманауи ALAQAN жүйесінің жұмысымен таныстырды.
 
Денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер қозғалып, заңдағы өзгерістер туралы айтылды. Оған қоса №2 ҚКА қызметкерлеріміз өз тарапынан сұрақтарына жауап алды.