Клиникалық блокта орта медицина қызметкерлерін аттестаттау өтуде



23–27 қараша аралығында Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасында клиникалық блоктың орта медицина қызметкерлерін ішкі аттестаттау өтуде. Бес күн ішінде бірнеше жүз мейіргердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын бағалау жоспарланған.

Аттестаттаудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін бағалау, практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру.

Аттестаттау клиникалық блоктың құрылымдық бөлімшелерінде, атап айтқанда, хирургия, кардиология, реанимация және қарқынды терапия, пульмонология, травматология бөлімшелерінде, сондай-ақ басқа да бейінді қызметтерде жұмыс істейтін орта медицина қызметкерлерін қамтиды.

Білім мен біліктілікті тексеру емтихан билеттері бойынша ауызша түрде жүргізіледі. Әр билет орта медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінің негізгі бағыттарын қамтитын төрт сұрақтан тұрады.

Аттестаттау барысында қолданыстағы нормативтік талаптарды білуге, кәсіби құзыреттілікке және медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуына ерекше назар аударылады.

Аттестаттауды өткізу үшін аурухана әкімшілігінің, ішкі аудит қызметінің, инфекциялық бақылау қызметінің және мейіргерлік қызмет өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды.

Аттестаттау бекітілген кестеге сәйкес 23–27 қараша аралығында жүргізіледі.

Кәсіби құзыреттілікті жүйелі түрде бағалау – сапаны ішкі бақылау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл жұмыс орта медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мейіргерлік тәжірибені жетілдіруге бағытталған.