-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын медицина қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында аурухана директоры Нұрбол Нұрланұлы Тұрсынбаев Жолдауда айқындалған денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және медицина қызметкерлерін қолдау бағыттарына тоқталды.
Сондай-ақ әрбір медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігі мен адал еңбегінің маңызын атап өтіп, ұжымды ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Басты мақсатымыз – халық денсаулығын сақтау, сапалы медициналық көмек көрсету және еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына бірлесе үлес қосу!
