28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық-санитариялық көмектің учаскелік қызмет мамандарының жалақысын арттыруды тапсырды.
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР:
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалақыны көтеру жоспарлануда.
- 40%-ға дейін – үздіксіз еңбек өтіліне байланысты.
- 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды.
Бұл бастама медицина мамандарын қолдауға, олардың еңбегін ынталандыруға және алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
