{gallery}2026news/27-10-2026_2{/gallery}
19–23 қазан аралығында Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасында Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің №3 ішкі аурулар кафедрасының ұйымдастыруымен Visiting Professor бағдарламасы аясында дәрістер мен шеберлік сабақтары өтті.
Шақырылған сарапшы — Мәскеу қаласынан келген, муковисцидоз және тыныс алу жүйесінің сирек аурулары бойынша халықаралық деңгейдегі маман Елена Львовна Амелина.
Тақырыбы: «CFTR-модуляторлар дәуіріндегі муковисцидоз: диагностика және жекелендірілген емдеу тәсілдері».
Іс-шараға елорданың түрлі бейіндегі дәрігерлері, резиденттер мен интерндер қатысты. Заманауи диагностика, генетикалық зерттеулер, инновациялық емдеу әдістері және клиникалық жағдайлар талқыланды.
Білім беру циклі дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
