-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
Бүгін № 2 көпбейінді қалалық аурухана базасында «Жатыр мойны ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында халықаралық мастер-класс өтті. Іс-шараға Астана қаласынан 150 дәрігер қатысып, әйелдер денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады.
Мастер-класстың негізгі мақсаты — жатыр мойны ауруларын ерте анықтау, заманауи скрининг пен диагностика әдістерін жетілдіру, озық емдеу технологияларын тәжірибеге енгізу және медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру.
Іс-шараның құрметті лекторы — Ресей Федерациясынан келген Сергей Викторович Фириченко, Мәскеудегі Ресей медицина университетінің акушерлік, гинекология және репродуктивті медицина кафедрасының доценті.
Сондай-ақ мастер-классқа Локшин Вячеслав Нотанович — медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР бас репродуктологы қатысты.
Құрметті қонақтар қатарында Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Досмырзаева Гүлназ Төленқызы, № 1 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Искаков Серік Саятұлы, № 2 кафедра меңгерушісі Хамидуллина Зайтуна Ғадилқызы, Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты Әжіекенова Мәдина Берлібекқызы, ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия мүшесі, медиакоммуникациялар саласының сарапшысы, «NazymPR» ЖШС директоры Жанғазинова Назым қатысты.
Мастер-класс барысында HPV-тестілеу, цитологиялық зерттеулер, биомаркерлерді қолдану, кольпоскопия, биопсия және заманауи электрохирургиялық емдеу әдістері талқыланды. Практикалық бөлімде клиникалық жағдайлар қарастырылып, мамандар арасында тәжірибе алмасу жүргізілді.
Осындай халықаралық кездесулер медицинадағы озық тәжірибелерді таратуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
