АСТАНАДА АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТЕДІ

2026 жылғы 23 қазанда Астана қаласындағы №2 Көпбейінді қалалық аурухана базасында «Жатыр мойны ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында халықаралық шеберлік сабағы өтеді.

Шақырылған сарапшы:
Сергей Викторович Фириченко — Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ресей медицина университетінің акушерлік, гинекология және репродуктивті медицина кафедрасының доценті.

Шеберлік сабағы барысында жатыр мойны ауруларын ерте анықтау, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері талқыланады.

Бағдарламаның негізгі бағыттары:
* Жатыр мойны обырының скринингі: цитологиялық және АПВ (HPV) тестілері;
* Диагностиканы нақтылауда биомаркерлерді қолдану;
* Кольпоскопия мен биопсияның мүмкіндіктері және шектеулері;
* Жатыр мойны ауруларын емдеудегі заманауи электрохирургиялық әдістер;
* Емдеуден кейінгі бақылау және пациенттерді жүргізу алгоритмдері;
* Клиникалық жағдайларды талдау және тәжірибелік ұсынымдар.

Халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған бұл іс-шара акушер-гинеколог дәрігерлердің кәсіби білімін жетілдіруге, заманауи клиникалық тәсілдерді талқылауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Күні: 23 қазан 2026 жыл
Өтетін орны: Астана қаласы, №2 Көпбейінді қалалық аурухана.