«КӨК КОД» БОЙЫНША ОҚЫТУ



№2 Көпбейінді қалалық ауруханада медицина қызметкерлеріне арналған «Көк код» (Code Blue) бойынша практикалық оқыту өткізілді.

Оқыту барысында шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмі, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу және медициналық персоналдың командалық өзара іс-қимылы пысықталды.

Мұндай оқытулар медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.