АСТАНАДА МУКОВИСЦИДОЗ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТУДЕ



2026 жылғы 19–23 қазан аралығында Астана қаласындағы №2 Көпбейінді қалалық аурухана базасында Visiting Professor бағдарламасы аясында «CFTR-модуляторлар дәуіріндегі муковисцидоз: диагностика және дербестендірілген емдеу тәсілдері» тақырыбында семинар өтуде.

Іс-шараны Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің №3 ішкі аурулар кафедрасы ұйымдастырды. Жауапты профессор – Ирина Юрьевна Мукатова.

Шақырылған халықаралық сарапшы – Елена Львовна Амелина, Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің Пульмонология ғылыми-зерттеу институтының муковисцидоз зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Еуропалық муковисцидоз қоғамының (ECFS) жетекші сарапшысы.

Семинар барысында муковисцидозды диагностикалаудың заманауи әдістері, CFTR-модуляторларын қолдану және пациенттерге дербестендірілген ем тағайындау мәселелері талқылануда.

19–23 қазан 2026 жыл
12:00–17:00
Астана қаласы, Рысқұлов көшесі, 6.