ІС САПАРЫ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ



Бүгін ауруханамызға Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері іс сапарымен келді.

Қонақтарды аурухана директоры Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы әріптестерімен бірге қарсы алып, медициналық ұйымның жұмысымен таныстырды.

Іс сапар барысында делегацияға аурухананың клиникалық блогы, акушерлік блогы, сондай-ақ жақын арада пайдалануға берілетін жаңа ПДК блогы таныстырылды.

Кездесу барысында медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы, заманауи инфрақұрылым, бөлімшелердің жұмысы және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.

Мұндай кездесулер — тәжірибе алмасуға, кәсіби байланысты нығайтуға және денсаулық сақтау саласындағы тиімді тәжірибелерді бөлісуге мүмкіндік береді.

Әріптестік байланысымыз нығайып, ортақ тәжірибеміз толыға берсін!