-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
Бүгін – бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Мыңдаған бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басуда.
Біздің аурухана ұжымымыз үшін де бұл күн айрықша қуанышқа толы. Әріптестеріміздің балалары бүгін алғашқы рет мектепке барып, балалық шақтың жаңа әрі маңызды кезеңін бастады.
Алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын, жас бүлдіршіндер!
Мектептегі әр күніңіз қуанышқа, қызықты жаңалықтарға және жарқын жетістіктерге толы болсын. Ұстаздарыңызды тыңдап, білімді де тәрбиелі азамат болып өсіңіздер!
Осы ерекше күнге орай аурухана басшысы Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлының атынан және кәсіподақ ұйымының қолдауымен 1-сыныпқа қадам басқан әріптестеріміздің балаларына арнайы сыйлықтар табысталды.
Бұл – балаларға деген кішкентай ғана сыйлық болғанымен, ата-аналарымызға көрсетілген үлкен қолдау мен ақжолтай тілектің белгісі.
Барша әріптестерімізді және олардың бүлдіршіндерін 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылы сәтті басталып, әр шаңыраққа қуаныш пен жақсы жаңалық әкелсін!
Алғашқы қоңырауларың құтты болсын, бүлдіршіндер! Білім жолдарың жарқын болсын!
