Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының аурухананың Заң бөлімінің қызметкерлерімен кездесуі

2026 жылғы 31 тамызда Астана қаласының № 2 көпбейінді қалалық ауруханасында аурухананың Ә.Б. Бахытжановтың аурухананың Заң бөлімінің қызметкерлерімен "Кәсіпорын қызметкерлері жасаған құқық бұзушылықтар бойынша және кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттары бойынша жағдайды түсіндіру" тақырыбында дәріспен кездесуі өтті.

Ә.Б. Бахытжанов кездесуге қатысушыларды 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін аурухананың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын бұзуға жол беретін аурухана қызметкерлеріне қатысты жүргізілген қызметтік тергеулердің саны өткен жылдармен салыстырғанда артқаны туралы хабардар етті. Аурухана қызметкерлерінің бұзушылықтар жасауына ықпал ететін себептер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қабылдаған шаралар туралы түсініктемелер берілді. 

Сондай-ақ, аурухананың Заң бөлімінің қызметкерлерін қызметтік тергеу жүргізу бойынша бірлескен жұмысқа тартуға байланысты, осы бөлімнің қызметкерлері үшін қызметтік тергеу жүргізу ережелеріне неғұрлым егжей-тегжейлі түсініктеме берілді.

Кездесуге қатысушылар Ә.Б. Бахытжановқа сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Заң бөлімінің қызметкерлері кездесу нәтижелеріне қанағаттанушылықтарын білдірді.