ГМБ№2 ішкі спартакиадасы: Футбол турнирінің жарқын жеңімпаздары!



ГМБ№2 ішкі спартакиадасы: Футбол турнирінің жарқын жеңімпаздары!

Спартакиада аясында бүгін біздің ауруханада футболдан тартысты ойындар өтті. 

Спорттық сайыстың шымылдығын ашқан Бектурсынова Клара Ташкенбаевна медицина қызметкерлерінің бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын атап өтіп, барлық командаларға сәттілік тіледі.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командаларымызды құттықтаймыз:
 1-орын: «Ангиохирургия» бөлімі
 2-орын: «Реанимация» бөлімі
 3-орын: «Қабылдау» (Приемный) бөлімі 

Марапаттау рәсімінде Алиев Мажит Фуркоевич барлық қатысушыға кәсіби белсенділігі мен командалық рухы үшін алғысын білдіріп, үздіктерге медальдар табыстады. 
Әріптестер, спорттық жетістіктеріңіз құтты болсын!