5 мамыр – Халықаралық акушерлер күніне орай, әкімшілік ұжымы осы аяулы мамандарды шын жүректен құттықтады



5 мамыр – Халықаралық акушерлер күніне орай, әкімшілік ұжымы осы аяулы мамандарды шын жүректен құттықтады.

Балдай тәтті сәбилердің дүниеге келуіне себепші болып жүрген абзал жандарға ерекше алғыс білдіріліп, дәл сол сәбилердей нәзік әрі тәтті торттар табыс етілді.

Сіздердің мейірімдеріңіз бен кәсібиліктеріңіздің арқасында талай отбасы бақытқа кенелуде.

Еңбектеріңіз елене берсін, әрдайым құрмет пен алғысқа бөлене беріңіздер!