Жаңа өмір – жасыл желек: Есіл ауданының әкімі жас аналарды құттықтады



Жаңа өмір – жасыл желек: Есіл ауданының әкімі жас аналарды құттықтады
19 наурыз — Наурыз мейрамы аясындағы Жаңару күніне орай, №2 көпбейінді қалалық ауруханасында салтанатты шара өтті. Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлы перзентхана ұжымы мен жас аналарды айтулы мерекемен құттықтады.
Іс-шара барысында жаңа туған нәрестелердің ата-анасына ерекше тарту жасалды. Көктем шыға сәбилердің атынан егілетін көшеттердің электронды сертификаттары мен тұрмысқа қажетті электронды бесіктер табыс етілді.

«Бүгінгі сыйланған әр көшет — болашақ ұрпақтың табиғатқа деген құрметінің белгісі. Сәбилеріміздің қадамы құтты, өмірлері гүлдей жайнаған жасыл бақ болсын!» — деп атап өтті аудан әкімі.