2025 жылдың 29 қарашасында Астана қаласында №2 Көпбейінді қалалық аурухананың 15 жылдық мерейтойына және профессор Ж.А. Доскалиевтің 45 жылдық еңбек қызметіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті



2025 жылдың 29 қарашасында Астана қаласында №2 Көпбейінді қалалық аурухананың 15 жылдық мерейтойына және профессор Ж.А. Доскалиевтің 45 жылдық еңбек қызметіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция аясында 26, 27, 28 қараша күндері «Тірі хирургия» форматы бойынша практикалық мастер-класстар ұйымдастырылды. Іс-шараға шетелдік және отандық жетекші мамандар шақырылды, олардың қатарында:
• Онон Бал – клиникалық профессор, бариатриялық хирург, №2 қалалық аурухана, Улан-Батор, Моңғолия
• Иван Александрович Трусов – эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты эндоскопист-хирург, СПбГУ кейінгі білім беру кафедрасының ассистенті, №40 қалалық аурухана, Мәскеу, Ресей Федерациясы
• Жанабек Асет Жанабекұлы – жоғары санатты дәрігер, ҚР МУ урология кафедрасының ассистенті, Keruen Medicus урология бөлімінің жетекшісі
• Данияр Уалиханович Джакупов – медицина ғылымдарының кандидаты, IRM клиникасының директоры
• Галымжан Кабдулманапович Токтарбеков – акушер-гинеколог, «University Medical Center» әйелдер аурулары бөлімінің гинекологы
• Олег Владимирович Бутунов – арнайы шақырылған акушер-гинеколог, Екатеринбург қаласы

Аталған мамандар біздің клиникамыздың дәрігерлерімен бірлесіп жоғары деңгейдегі шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибе алмасу алаңын кеңейтті.

Бұл іс-шара медициналық қауымдастық үшін маңызды ғылыми және практикалық маңызға ие болды, сонымен қатар №2 Көпбейінді қалалық аурухананың кәсіби дамуға, халықаралық ынтымақтастыққа және пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға бағытталған тұрақты жұмысының айқын дәлелі болды.