«Amanat» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы.



«Amanat» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы.

Біздің клиника қызметкерлерінің қатысуымен «Amanat» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шара барысында Дулат Мыңбаев партияның «Қарызсыз қоғам» жобасын таныстырды. Бұл бастама – қиын өмірлік жағдайға тап болған, несиелік қиындықтары бар азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.
Мурат Курмангалинов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілі ретінде зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шаралар туралы, зейнетақы төлемдерін алу тәртібі мен тәсілдері жайлы, сондай-ақ enpf.kz сайтынан қажетті ақпаратты қалай табуға болатыны туралы баяндады.
Отбасы банкінің өкілі Хұдайбергенова Малика банк өнімдері туралы кеңінен айтып берді.

Шара барысында біздің аурухананың қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды.