31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін - ұлт жадындағы қайғылы парақтардың бірі. 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. 

Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Алаш зиялылары Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды ұлт жанашырлары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырған. Ал қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталған.

Ұлт тағдыры жолында өз тағдырын тәрк еткен ұлыларымыздың есімі жадымызда қалады.