Отанына - қорған, отбасына - қамқор. Еліне жалынды жауынгер, жанұясына - жігерлі, жалынды жан, мықты тірек, жылы пана. Бұл - қазақы дәстүрдің қалыбына сай ардақты асыл азаматтың бейнесі.
Бүгін, 7 мамыр біздің елімізде антына адал жандардың мерекесі - Отан қорғаушылар күні атап өтілуде. Мереке ел армиясының қуаттылығын, батылдық пен өршіл рухты, қайрат пен жігерлілікті тағы бір мәрте танытады.
№2 Қалалық көпбейінді ауруханасының ұжымы барша ер азаматтар қауымын бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтайды. Тұла бойында ақылы мен намысы, ержүректігі мен елдік қасиеті тоғысқан шын мықтыларға зор денсаулық, халық игілігі жолындағы жұмыстарыңызға жаңа жетістіктер мен телегей табыс тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бейбіт аспан астында ұрпағымыз бақытты ғұмыр кеше берсін.
Мереке құтты болсын!