Кәсіптік одақ жиналысы өтті



Бүгін Астана қаласы әкімдігінің “AQ TILEK “№2 қалалық көпбейінді ауруханасы” ШЖҚ МКК қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің есептік жиналысы өтті. Жиналыс аясында кәсіподақ ұйымы төрайымының атқарылған жылдық жұмыс туралы есебі тыңдалып, кәсіподақ мүшелері тарапынан өзекті мәселелер мен ұсыныстары талқыланды. Айта кетейік, баршы қатысушылар кәсіподақ комитетінің қызметін жоғары бағалады. Бұл жұмыстың алғашқы жылы болғанына қарамастан, команда өзінің жауапкершілігі мен белсенділігін танытты. Сондай-ақ біздің ұжымның бірауыздан шешімімен босанғаннан кейінгі ана пен сәбиінің бірге болуы бөлімшесінің меңгерушісі Клара Ташкенбайқызы Бектұрсынова кәсіподақ төрайымы болып қайта сайланды. Кәсіподақ комитеті ұжымның игілігі үшін белсенді жұмысты және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды бұдан әрі жалғастырады. Ұжымның барша қызметкеріне қолдауы және сенімі үшін алғыс айтамыз!