Салауатты өмір: темекіден бас тарту күніне орайластырылған дәріс өтті

15 қараша – Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне орай №2 қалалық көпбейінді ауруханасында дәріс ұйымдастырылды. ДДҰ мәліметтері бойынша темекі шегу өкпенің, бронхтың, трахеяның қатерлі ісігінен болатын өлімнің 85%, жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 16%, туберкулезден болатын өлімнің 26%, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларының 24%-ның себебі саналады. «Темекі түтінімен демалу да темекі шекпейтіндерге де айтарлықтай зиян әкеледі. Құрамында адамды тәуелді ететін никотин бар», - дейді СӨС дәрігері Манарбек Байтурлин. Темекіден бас тарту адам ағзасына қалай әсер етеді? ҚР ДСМ деректеріне сүйенсек: 20 минуттан кейін жүректің жиырылу жиілігі азайып, қан қысымы төмендейді;
2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарып, өкіпенің қызметі күшейеді;
1-9 айдан кейін жөтел мен ентігу азаяды;
1 жылдан кейін ишемиялық аурудың өршу қаупі осындай қаупі бар шылымқорлармен салыстырғанда екі есеге азаяды;
5-15 жылдан кейін инсульт қаупі темекі шекпейтін адамның қауіпті деңгейіне дейін түседі. Темекіден бас тартып, өзіңізді және айналаңызды сақтаңыз!