2023 жылғы 7-9 тамызда №2 көпбейінді қалалық аурухана базасында "Хирургия, гинекология және урология бойынша көпбейінді хирургиялық марафонның онлайн-трансляциясы өтуде



2023 жылғы 7-9 тамызда №2 көпбейінді қалалық аурухана базасында "Хирургия, гинекология және урология бойынша көпбейінді хирургиялық марафонның онлайн-трансляциясы өтуде. 
Мастер-класқа 2 КҚА білікті дәрігерлері, өз ісінің тәжірибелі мамандары: директордың кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, хирургиялық көмек жөніндегі директордың орынбасары, жоғары санатты уролог дәрігер Юрий Георгиевич Пак және хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты хирург дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Руслан Ерсайынұлы Хасенов, Астана қаласының қалалық урология орталығының басшысы, жоғары санатты уролог дәрігер Асқар Жұмағалиұлы Жашенов, андрология және ерлер денсаулығының басшысы, уролог дәрігер Мұхамеджанұлы Азиз, гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты гинеколог дәрігер Дайыр Тельманұлы Сейсембеков қатысуда.