"№2 көпбейінді қалалық ауруханада ""Amanat" партиясының партиялық билеттерін табыстау салтанаты өтті



"№2 көпбейінді қалалық  ауруханада ""Amanat" партиясының партиялық билеттерін табыстау салтанаты өтті.
"Amanat" партиясының "Есіл" аудандық филиалының төрағасы-Ерболат Түгелбайұлы Ысқақов қызметкерлерді елорданың тұрақты дамуына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Астана қаласы мәслихатының депутаты-Нұрлан Сүлейменұлы Өтешев және "Amanat" партиясының "Есіл" аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Шахим Ядигарович Насибов партиялық билеттерді табыс етіп, кәсіби мерекемен медицина қызметкері күнімен құттықтап, қиын, бірақ азамзат өмір жақсарту жолындағы пайдасы зор және құрметті жұмыста табыс тіледі!
Айта кетейік, бүгінгі таңда 260 қызметкер "Amanat" партиясының мүшелері болып табылады, біздің қызметкерлер белсенді азаматтық ұстанымды қолдайды және еліміздің игілігі үшін жұмыс істейді.