Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы "Сөзден іске" кең ауқымды "Walk the talk" акциясын өткізді



Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы "Сөзден іске" кең ауқымды "Walk the talk" акциясын өткізді.
№2 КҚА командасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Армрестлинг бойынша: 70 кг салмақ дәрежесінде - Аманжолов Еркебұлан Дәулетұлы 2 орын, 80 кг санатында - Иманғалиев Аян Қанатбайұлы 2 орын, 90 кг санатында - Шайхолла Қадырбек Сахидоллаұлы 2 орын алды.
Іс-шараның мақсаты-денсаулықты нығайту және өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін физикалық белсенділікті насихаттау.
Спорттық жарыстар келесі спорт түрлері бойынша өтті:
* Шаттлмен жүгіру
* Эстафета
* Армрестлинг
* Асық ату
* Арқан тарту

Спортшыларымызды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз!