№2 КҚА-да үшем Қасым, Жомарт және Кемел дүниеге келді



№2 КҚА-да үшем Қасым, Жомарт және Кемел дүниеге келді.
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қарсаңында Соппек Марал мен Сәбиттің отбасында Қазақстан Республикасы Президентінің құрметіне Қасым, Жомарт және Кемел есімді ұлдардың үштігі дүниеге келді.
Жас ана Марал күйеуімен бірге тіс дәрігерінің мейіргері болып жұмыс істейді. Бұл олардың алғашқы балалары, балаларға есімді атасы қойған.
Үшемдер мерзімінен бұрын дүниеге келді, балалардың салмағы шамамен 1000 грамм болды. Олар нәрестелерді күту және  патологиясы бөлімшесінде меңгерушісі Ирина Алексеевна Цубенконың жіті бақылауымен, емдеуші неонатолог дәрігер Әсия Анесовна Адгамованың  қадағалауында болды. 
Жас ана операция жасаған дәрігер Ермек Жұмағалиұлы Салықбаевқа, емдеуші неонатолог дәрігер Асия Анесовна Адгамоваға "№ 2 КҚА" акушерлік блогының ұжымына  үлкен алғысын білдіреді. Клиника басшылығы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Астана қаласының әкімдігіне, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Ж. Тоқаевқа медициналық мекемелерде қолайлы жағдайлар жасағаны, заманауи жабдықтардың болуы, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін шексіз рахмет айтамын. Сіздердің арқаларыңызда  біздің кішкентайларымыз толыққанды өмір сүре алады  және жарқын болашаққа құқылы!