2020 жылдың 25 шілдесі күні дәл 2 жыл бұрын Иван Иванович коронавирустық инфекциямен күресте марқұм қайтыс болды…

2020 жыл біз үшін  коронавируспен ауыр күрес жылы ретінде ғана емес, сонымен бірге жанымызға жақын, қымбат жан — Ли Ивановичті  жоғалтуымызбен есте қалды. 
2020 жылдың 25 шілдесі күні дәл 2 жыл бұрын 60 жасында коронавирустық инфекциямен күресте марқұм қайтыс болды… 
Көптеген жылдар бойы ол кісі баршамызға мықты тәлімгер, әрдайым пациенттердің өмірі үшін күрестің алдыңғы шебінде жүретін тынымсыз еңбекқорлығымен дараланды. Мен өз ісіне өмірінің соңына дейін адал болған білікті маманмен жұмыс істеу құрметіне ие болдым.
Иван Ивановичтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол дәрігер ретінде Гиппократ антын орындады және пандемиямен күресте  жанкештік ерлікпен қайтыс болды. Көрнекті дәрігер мен тамаша адамның жарқын бейнесі мен ерекше адами қасиеті оның жақындарының, әріптестерінің, студенттерінің, пациенттерінің және өмір жолында онымен жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға сәті түскен барлық адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады.
Ол кісі туралы естелік баршамыздың жүрегімізде мәңгі  қалары хақ! 
Өкінішке орай, коронавирус біздің өмірімізден әлі бір жола кеткен жоқ. КВИ ауруының өсуіне байланысты. Барлық сақтық шараларын сақтаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!