Қазақстанда Ұлттық домбыра күні аталып өтуде



№ 2 КҚА акушерлік блогында жас аналар мен сәбилерді Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Ұлттық домбыра аспабы мен құттықтау хатын ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Назипа Шанаи табыс етті.
Бүгін акушерлік блокта 10 бала дүниеге келді, оның ішінде 7 ұл және 3 қыз.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
"Бүгін біз жаңа Қазақстанды құруға, ұлтты сапалы трансформациялауға кірістік. Елдің орнықты прогресі үшін бізге қазіргі заманғы үрдістер арнасында ғана емес, сондай-ақ ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына ұқыпты қарап, еңбексүйгіштік құндылықтарын кеңінен насихаттау керек.
Біздің халқымыз бен домбырамыз мәңгілікке байланысты, өйткені ұрпақтан ұрпаққа күй өнері арқылы бостандық рухы беріледі.
Домбыра әр үйде ең құрметті орынға ие болсын!"- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.