Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды - Балалар жылы деп жариялады



Президент Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды - Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Қасым - Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, - деп баса айтқан болатын. 
 
Бүгін ауруханамыздың акушерлік блогына Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары  Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлы  және Нұр-Сұлтан қаласының ҚДСБ басшысының орынбасары Досмырзаева Гүлназ Төленқызы құттықтап келді.
 
 Босанғаннан кейінгі ана мен сәбиінің бірге болуы бөлімшесіндегі жас босанған аналар қала әкімінің атынан алғыс хаттар мен балалар арбасын,  дәрі қобдишасын, балалар косметика жиынтығын тарту етті. 
 
Жаңа туған нәрестелер мен жас аналарды осы жазғы балалар мерекесімен құттықтаймын! 
Біздің босану бөлімшесінде бүгін сағат 15.00-ге дейін 27 нәресте дүниеге келді, оның ішінде 14 ұл және 13 қыз. Бүгінгі күні шамамен 40-45 босануды жоспарлап отырмыз.