Міне, алты жыл бойы Дәурен Елубайұлы өзінің таңын жақ-бет хирургиясы бөлімшесінің пациенттерін аралаудан бастайды



Меңгеруші әрбір пациенттің қалын сұрайды,  ауырсыну сезімі және жүргізілетін  манипуляцияларды тексереді. 
 
Бүгінгі күні бөлімшеде 18 пациент емделуде. Әріптестерімен бірге үйге кім шығарылатынын анықтайды.
 
ЖБХ бөлімшесі қаладағы жалғыз бөлімше  болып табылады, жақ-бет аймағының қабыну аурулары мен жарақаттары бар науқастарға тәулік бойы шұғыл мамандандырылған көмек көрсетеді. 
 
Жоспарлы түрде пациенттерге келесі аурулар бойынша операциялар жасалады:
 
?Сілекей бездерінің қатерсіз түзілімдері
 
?Беттің жұмсақ тіндерінің қатерсіз түзілімдері
 
?Туа біткен ақаулар және даму кемістіктері 
 
?Одонтогенді гаймориттер 
 
?Жақ-бет сүйек жарақаттарының салдары 
Жақ-бет аймағының жарақаттары бар науқастар мына кезде шұғыл көмек алады: бет қаңқасы сүйектерінің сынуы, кең жаралар мен бет жарақаттары, атыс жарақаттары мен қан кетулер.