Күнделікті таңертеңгілік пациенттерді аралау



Әр бөлімшенің меңгерушілері таңертең стационардағы пациенттерді аралап тексереді. Инсульт орталығының басшысы Әлия Асылбекқызы Иманова пациенттердің
жағдайын тексеріп, хал-жағдайы туралы білді. Сондай-ақ, аралауға медицина университеттерінің студенттері қатысты, олар аға әріптестерінен тәжірибеден өтіп жатыр. Бүгінде орталықта 33 пациент ем қабылдауда.
Емдеу жұмыстары пациенттерге көмек көрсетудің республикалық және халықаралық стандарттары негізінде жүргізіледі. Практикаға ми қан айналымының бұзылуын диагностикалау және қарқынды емдеу бойынша жаңа жоғары технологиялық медициналық қызметтер, хирургиялық емдеу және церебральды инсульттің алдын алу әдістері енгізілуде. Аутоиммунды ауруларды емдеуде иммуносупрессивті дәрілік және эфферентті терапия әдістері қолданылады. Заманауи физиотерапевтік емдеу шараларын қолдана отырып, нейрореабилитация қызметтері құрылды.