Босанғаннан кейінгі ана мен сәбиінің бірге болу бөлімшесінде пациенттермен дәріс өткізілді



Бүгін босанғаннан кейінгі ана мен сәбиінің бірге болу бөлімшесінде пациенттермен дәріс өткізілді. Іс жүзінде қатерлі ісіктің барлық түрлері сәтті емделеді. Бірақ ісікті ерте кезеңде анықтау маңызды. Патологиялық процесс неғұрлым ертерек анықталса, емдеу соғұрлым сәтті болады және болжам жақсы болады. Жас әйелдер үшін басты қасірет-жатыр мойны обыры, ерте кезеңдерде оны емдесе онда бала туу қабілетін сақтауға болады. Сүт безінің қатерлі ісігі тек 5% жағдайда 35 жасқа дейінгі әйелдерде кездеседі, бұл жетілген ауру. Өзіңізге қалай көмектесуге болады? Ол үшін жай ғана тексеру керек:
* маммография-жыл сайын, 40 жастан бастап;
* жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу-жыл сайын, 21 жастан бастап.