«Скринингтік жұту»

ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК-да 2020 жылдың 17 маусымынан бастап ілеспе патологиялары бар короновирустық инфекцияның ықтимал жағдайлары бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін провизорлық төсектер жұмыс істейді.



ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК-да 2020 жылдың 17 маусымынан бастап ілеспе патологиялары бар короновирустық инфекцияның ықтимал жағдайлары бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін провизорлық төсектер жұмыс істейді. Осы бөлімшеде жұмыс істеу үшін орта және кіші персонал әртүрлі бөлімшелерден аралық ротациядан өтті.
Бұл бөлімшеде әртүрлі коморбидті аурулары бар пациенттер болғандықтан, қызметкерлер оқыс жағдайларға үйреніп, жағдайға шұғыл әрекет етуі керек.
Сондықтан ашылған сәттен бастап аға мейіргер Тыштыбаева Нұргүл күн сайын қызметкерлерді оқытады.
Коронавирустық инфекция анықталған пациенттермен жұмыс кезінде үстеме ақының төмендеген сәтінен бастап қызметкерлерді тарту тұрғысынан кейбір қиындықтар туындады. Жаңа жас қызметкерлерді жұмысқа қабылдап, коморбидті аурулары бар коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге күтім жасауды үйретуді бастауға тура келді.
Бүгін 2020 жылғы 28 қаңтарда директордың орынбасары Мұсабаева Айна Мұратқызы «Скринингтік жұту» тақырыбында сабақ өткізді.