15 желтоқсанда "№ 2 көпбейінді қалалық ауруханада" 27 жастағы жас ана 32 апта мерзімінде үшемді дүниеге әкелді

Екі ұлға Сүгір және Сұңқар деген есімдерді берді және қыз Сырғалым туылды. Бұл оның алғашқы босануы. Әйел босанғаннан кейінгі бөлімшеде жағдайы қалыпты.



15 желтоқсанда "№ 2 көпбейінді қалалық ауруханада" 27 жастағы жас ана 32 апта мерзімінде үшемді дүниеге әкелді. Екі ұлға Сүгір және Сұңқар деген есімдерді берді және қыз Сырғалым туылды. Бұл оның алғашқы босануы. Әйел босанғаннан кейінгі бөлімшеде жағдайы қалыпты.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалының директоры Маданов Мәди Амангелдіұлы жаңа туған нәрестелер мен жаңа босанған ананы құттықтады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау және ана мен баланы қолдау шеңберінде жас анаға және жаңа туған нәрестелерге Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты жазылған арнайы сыйлық жиынтығы табыс етілді. "Сүйінші" сыйлық жинағына сондай-ақ "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" естелік монетасы, туу туралы куәлік, жас ата-аналарға арналған ақпараты бар брошюралар, жаңа туған нәрестеге арналған түрлі керек-жарақтар мен гигиена құралдары кіреді.
Ата-аналарды құттықтаймыз және бүкіл отбасына зор денсаулық пен бақыт тілейміз!