Лапароскопия және реконструктивті урология бөлімшесі

Лапароскопия және реконструктивті урология бөлімшесі

Бөлімшеде әр түрлі урологиялық ауруларды хирургиялық лапароскоптың көмегімен шағын инвазивті эндоскопиялық операциялардың ең күрделі заманауи әдістері жасалады:

Гольмиевті лазер пайдалана отырып, лохандық-несеп шығару сегменті стриктурасының перкутандық эндопиелотомия әдісін кең пайдаланады. Жоғарыда айтылғандай, перкутандық қолжетімділік әдісімен нефроскоп арқылы бүйректің қуысына гольмиевті лазер өткізіледі және тартылған пиелоуретеральдік сегментті кесіп өтеді, кейін 4-6 аптаға эндопиелотомикалық стент орнатылады. Емдеудің осы түрі нефролитиаз мен нефроптоздің лохандық-несеп өту жолдары стриктурасының байланысы болған кезде тиімді.

Алдағы іш қуысы үш немесе төрт жерден тесіледі (кесусіз), несеп жолдың стриктурасы (тартылуы) пайда болған кезде, белгілі учаскеде пиелоуретральдік сегмент немесе несеп жолы пластикасымен стриктураның (тартылудың) кесуі өткізіледі. Сонымен қатар, несеп жолы бүйректің қосымша (аберрантты) буындармен қысылған кезде, біз бүйрек буынының лапароскопиялық тігілімін өткіземіз. Операциялардың ашық түрлеріне қарағанда, операциядан кейінгі оңалту кезеңі 2-3 есе қысқа.

Бүйрек іскен кезде, әжімделген кезде, гипоплазия, гидронефроздың терминальдық түрі кезінде жүргізіледі. Клиникамызда осы операция түрінің ашық, сонымен қатар лапароскопиялық түрі жасалады. Лапароскопиялық нефрэктомия алдағы іш қуысының төрт жерінде тесіліп (кесусіз), бүйректің алынып тасталуы жүргізіледі. Операциялардың ашық түрлеріне қарағанда, операциядан кейінгі оңалту кезеңі 2-3 есе қысқа. Сонымен қатар, операциядан кейінгі оңалту кезеңі 2-3 есе қысқа. Операциядан кейінгі екінші тәулікте пациенттер белсенді өмір сүре алады.

Лапароскопиялық радикалды простатэктомия

Несепағардың құрылымын түзетудің лапароскопиялық әдістері

Қуық-қынаптық және қуық – уретералды жыланкөздерді лапароскопиялық түзету

Лапароскопиялық геминефрэктомия

Лапароскопиялық пиело және уретеролитотомия

 

Ай сайын бөлімшеде 45-ке жуық науқас ем қабылдайды.

 

Бөлімшенің басшысы

Ким Роман Валерьевич

жоғары санатты дәрігер-уролог, Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының түлегі(1999-2005 жылдары), Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Интернатура (2005-2006 жылдары). "Эндоурология", "Андрология", "Шұғыл урология", "Шағын инвазивті урология" тақырыптары бойынша мамандандыру. 2016 жылы қалалық урология орталығының ашылуына қатысты. Астана қаласының Эндоурологтар қауымдастығының мүшесі

Еңбек өтілі: 16 жыл

Байланыс телефоны: 8 (7172) 43 26 61