Нәрестелер реанимациясы бөлімшесі

Нәрестелер реанимациясы бөлімшесі

Бөлімшенің негізгі қызметі — критикалық немесе тұрақсыз жағдайдағы жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Біз өмірдің алғашқы сағаттарынан бастап қарқынды терапияны, өмірлік маңызды функцияларды бақылауды, респираторлық қолдауды және нәрестелерді күтіп-баптауды қамтамасыз етеміз. Біздің басты қағидамыз — әрбір кішкентай емделушінің өмірін, денсаулығын сақтау және болашақтағы өмір сапасын қамтамасыз ету. 

Көрсетілетін қызметтер:


  • Қарқынды терапия: Критикалық жағдайдағы нәрестелерді тәулік бойы бақылау. 
  • Респираторлық қолдау: Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) және инвазивті емес әдістер. 
  • Төмен салмақты балаларды күту: Өте төмен және экстремальды төмен салмақпен туған нәрестелерді бағу. 
  • Мониторинг: Жүрек соғу жиілігін, тыныс алуды, қандағы оттегі деңгейін және артериялық қысымды тұрақты бақылау. 
  • Терапияның арнайы түрлері: Инфузиялық, бактерияға қарсы, метаболикалық және сурфактанттық терапия (оның ішінде аз инвазивті әдістермен). 
  • Емдік гипотермия: Ауыр асфиксиямен туған нәрестелерге ЭЭГ-мониторингімен жүргізіледі. 
  • «Кенгуру» әдісі: Ата-ана мен бала арасындағы физикалық және психологиялық байланысты нығайтуға арналған «теріге тері» жанасу әдісі. 

Жабдықталуы:


Нәрестелер шудан, жарықтан және дірілден қорғайтын арнайы кювездерде күтіледі. Бұл құрылғылар ана құрсағындағы жағдайға барынша жақын орта қалыптастырады. Кювездер температура мен ылғалдылықты автоматты түрде реттеу (серво-бақылау) жүйесімен және баланы шығармай-ақ өлшеу мүмкіндігімен жабдықталған. Сондай-ақ, бөлімшеде неонаталды датчиктері бар УДЗ аппараты тұрақты қолжетімді.

 

Нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі

Нурашбекова Шолпан Сыдыққызы

Жоғары санатты дәрігер-неонатолог, қосымша Астана медицина университетінің (АМУ) неонатология кафедрасының ассистенті.

Білімі: 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының (ОҚГМА) педиатрия факультетін тәмамдаған.

Мамандануы: 2007 жылы Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының базасында неонатология бойынша алғашқы мамандандырудан өткен.

Біліктілігін арттыру:

- 2015 жыл: «Остров сокровищ», Екатеринбург қ., Ресей.

- 2019 жыл: Sheba Medical Center, Рамат-Ган қ., Израиль.

- 2023 жыл: В.И. Кулаков атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Мәскеу қ., Ресей.

- 2023 жыл: Medipol Mega University Hospital, Стамбул қ., Түркия.

- 2025 жыл: Sahlgrenska University Hospital, Гетеборг қ., Швеция.

Жалпы еңбек өтілі: 22 жыл

Неонатологиядағы еңбек өтілі: 19 жыл

 

 

Бөлімше дәрігерлері

  • Қожақова Меруерт Амангелдіқызы – жоғары санатты дәрігер-неонатолог, функционалдық диагностика дәрігері
    Еңбек өтілі: 16 жыл
  • Смадиярова Нұрзия Қаршығақызы – жоғары санатты дәрігер-неонатолог, функционалдық диагностика дәрігері
    Еңбек өтілі: 17 жыл
  • Юлдашева Дильноза Сабырқызы – II біліктілік санатты дәрігер-неонатолог
    Еңбек өтілі: 6 жыл
  • Әшірбекова Динура Рафитқызы – II біліктілік санатты дәрігер-неонатолог
    Еңбек өтілі: 6 жыл
  • Қамбарқанова Гүлсая Қуатқызы – дәрігер-неонатолог
    Еңбек өтілі: 2 жыл
  • Сейтқалиева Диана Валиасқарқызы  – дәрігер-неонатолог
    Еңбек өтілі: 1 жыл

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 8-үй