Астанада шағын медициналық мамандардың ашық есік күні өтті

Бүгін №2 қалалық емханада «Денсаулық фестивалі» кең ауқымды акциясы аясында ашық есік күні өтті.

Салалық мамандар, атап айтсақ,хирург, невролог бет-жақ сүйек хирургі, көз дәрігері, физиотерапевт, эндокринолог, уролог, реабилитолог және медиатор барлық келген емделушілерге тегін негізде кеңес берді.

Емхананың бас дәрігері Иван Лидің сөзінше, шараның басты мақсаты – қоғам назарын физикалық белсенділікті кеңейту жолымен денсаулықты нығайтуға аударту,дұрыс тамақтану, жаман әдеттен бас тартуға бағытталады.

«Біз,яғни,медицина қызметкерлері - тұрғындар тек ауру асқынған жағдайда ғана емес, оның алдын алып, келіп тексеріліп тұрса екен дейміз. Бүгінде мүмкіндігінше көп адамдардытексерістен өтулеріне аса мән берудеміз. Біздің міндетіміз пациентті емдеу емес, оны тексерістен өткізу, мүмкін, кейбіреулерінен, тіпті, өздері байқамай, білмей жүрген ауруды тауып та қалуымыз мүмкін», - деді Иван Ли.

Айта кету керек, медициналық мекеме ашық есік күнін осымен үшінші жыл қатарынан өткізуде. Жергілікті реабилитолог Гүлзира Оңалбаеваның айтуынша, іс-шара жергілікті тұрғындарды ғана емес, елордаға да келушілерді қамтиды.

«Қазірде оңалу барлық емделушілерге қажет. Бүгінгі күні біздің медициналық оңалту қызметтеріміздің кең мүмкіндіктер бар, бұл 28 түрлі құрылғыларды құрайды. Көптеген науқастар өздерінің өмір сүру сапасын жақсарту жолдарын қалай қалпына келтіру туралы сұрақ қояды », - деп түсіндірді дәрігер.

Қалалық урология орталығының уролог маманы Асқар Жасенов өз тарапынан ауруларға аса назар аударды. Оның айтуынша, бүгін елордада көптеген адамдар урологиялық аурулардан зардап шегеді.

Біз көбінесе қуықта тас жиналу ауруына қатиысты науқастарға, сонымен қатар простатит аденомамен, пиелонефритпен, бүйректері жиі ауыратынжүкті әйелдерді емдейміз.

Іс-шараның соңында ауруханаға келген науқастар өте риза болды. Ашық есік күніне барлығы 47 адам келді. Олардың әрқайсы өз әсерлерімен бөлісті.

- Бүгін мені көз және жүйке аурулары маманы тексеруден өткізді. Кеңес айтып, ем тағайындады.1 айдан соң келіп, нәтижесін тексеретінін айтты. Қазіргі уақытта мен Астана қаласында тұрып жатырмын. Сондай-ақ«Абу-Даби Плаза» да жұмыс істеймін.Сол себепті де Астана қаласының дәрігерлеріне жүгіндім.Дәрігерлер бізге жақсы көмектеседі. Олар жоғары деңгейде жұмыс істейді, - деді Абу Даби Плаза қызметкері Египеттен келген Ашираф Мохамед.